2019-12-12 00:10:00
Алматыдағы кәсіпкер әйелдердің шығарып жатқан өнімдері әзірге әлемдік брендпен бәсекеге түсе аламайды. Шетелдік брендпен салыстырғанда бізде ынталандыру мен қолдау жоқтың қасы.
Аталған проблема оңтүстік астанада өткен Іскер әйелдер кеңесінде талқыланды.
2019 жылғы жұмыстың басты қорытындысы туралы Кеңестің атқарушы директоры Ақеркін Эралиева баяндады. Еліміздің 200-ге жуық әйел кәсіпкері қатысқан Women in business бірінші іскер әйелдер форумы жылдың ең жарқын оқиғасы деп танылды.
«Зергерлік көрме, Fashion и Food Expo сияқты халықаралық көрмелерге біздің елден үлкен делегация қатысты. Бұдан басқа біздің әйелдер Altyn Oimaq ұлттық дизайн байқауына қатысты. 30 әйел қаржылық сауаттылығын арттырды, Алма-Арасан шатқалында ұйымдастырылыған «Тауды қоқыстан тазалайық» экологиялық акцияға қатыстық, «Зорлыққа қарсымыз» атты баларға арналған әлеуметтік роликтер түсіріп, шығардық, - дейді Ақеркін Эралиева.
Сауда және консалтингтік компаниялар қауымдастығының құрылуы да есте қалатын жаңалық болды, төрайымы - Ольга Ким. Кеңес мүшелері оңтүстік астанадағы жоғары оқу орындары мен колледждерде лекциялар оқып, бұл істе де белсенділік танытты.
Әлеуметтік жоба болып табылатын көпбалалы аналарға арналған тігін цехын іске қосудағы көрсеткен көмек үшін Ақмарал Басирова әріптестеріне алғыс айтуды да ұмытпады.
«Қажет жабдықтарды сатып алуға көп көмек көрсетті, қазір цех жұмыс істеп тұр, бірнеше айдың ішінде 60-70 әйел оқып, жұмысқа кірісіп кетті. Жобаға қызығушылық үлкен, өміршең болары сөзсіз. Бізге қолдау көрсеткен әйелдерге алғыс айтамын. 200-ге жуық көпбалалаы әйел «Атамекен» ұйымдастырған «Бастау» курсы арқылы оқып, грантқа ие болды, біз оларға өзіміздің орталықта одан әрі қолдау көрсетеміз, - деді Ақмарал Басирова.
Сонымен қатар, Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Әсел Қарауылованың айтуынша, 2020 жылдың 20 ақпанында Women in business-тің екінші форумын өткізу жоспарланып отыр. Сондай-ақ ол «Атамекеннің» алаңы жүйелі мәселелерді талқылау үшін және оларды шешу үшін тиімді болып табылатынын атап өтті.
Отырыс барысында осындай проблемалардың бірін Mimioriki балалар киімі брендінің негізін қалаушы Инна Апенко айтып өтті. Оның пікірінше, қазақстандық брендтер арнайы ынталандыру шараларын қажет етеді, өйткені кәсіби Ритейл ойыншылары үшін ірі сауда орталықтарындағы жалдау шарттарын салыстырар болсақ, қазақстандық брендтің жалға алу бағасы өте жоғары. Көп ұлттық зәкірлі компаниялардың жалға алу құны тіпті отандық қазақстандық компанияларға қарағанда ондаған есе төмен болады.
"Қазақстанда Түрік брендтерінің шамамен 30 түрі бар, олардың барлығы дерлік Түрік брендтерін ынталандыруға және қолдауға арналған Түркияның мемлекеттік бағдарламасының қатысушылары. Түркияда бірқатар шығындар, соның ішінде жалға алу және маркетинг пен ілгерілету шығындары 50% өтеледі. Ал Қазақстандық брендтің жағдайы мүлде басқаша, бізде бәрі қымбат, осы жағдайға қарамастан, тұтынушылар бізден арнайы ұсыныс күтеді", - деді Инна Апенко.Отандық киім өндірушілердің бастамасымен KAZ BRENDS Қазақстандық брендті қолдау бағдарламасы әзірленді, қазір оны KAZ INDUSTRY компаниясымен бірге ілгерілетіп жатыр, дегенмен Кәсіпкерлер палатасынан да қолдау күтуде. Алматы қаласындағы «Атамекеннің» директоры Нариман Әбілшайықов бизнес-ханымдарға ҰКП осындай жобаларды қолдап, түрлі салаларда туындайтын мәселелерді шешуге көмектесетініне сендірді.
Отырысты қорытындылай келе, Әсел Қарауылова келесі жылы Іскер әйелдер кеңесі жұмысты жандандыруға, ал ол үшін оңтүстік астаналық бизнес-ханымдардың білімі мен тәжірибесін тартуға ниетті екенін атап өтті. Осы мақсатта кездесуге белгілі бизнес-ханымдар: танымал қазақстандық дизайнер Құралай Нұрқаділова, бизнесвумен Сәуле Сергазинова, PR-маман және блогер Айгүл Жансерікова, этнодизайнер және Aigul Line брендінің негізін қалаушы Ақмарал Басырова, «Ақ әлем» көп балалы аналар қауымдастығының жетекшісі, блогер Гүлжан Кенже, «Sulu.kz» бьюти-зертханасының және «Smart Satu» сауда платформасының негізін қалаушы Людмила Тен, Forbes Kazakhstan-ның директоры Айжан Сүлейменова және осы журналдың бас редакторы Ализа Шайх, СММ және МММ мамандары ұлттық қауымдастығының президенті Айсұлу Ахимова, Русское радио Азия-ның ресми психологы және нумерологы және басқалар шақырылды