2020-03-04 06:32:00
Тұлға ретінде дамымасаң білім де көмектеспейді. Бұған Қарағанды облысында ауылды аймақтарда тұратын әйелдерге арналған екі күндік семинарларды жүргізетін бизнес-тренерлер де сенімді.
Азия даму банкінің қолдауымен «Атамекен» Іскер әйелдер кеңесі тегін курстар өткізуде. 20-21 ақпанда облыстың бүкіл аудандарынан 40-қа жуық іскер әйелдер өз бизнесін жүргізіп кеңейтуді үйрену үшін семинарға жиналған.Қатысушылар арасында шаруа қожалықтарыныңбасшылары мен жеке кәсіпкерлер ғана емес, оған қоса жеке кәсіпті енді бастайтындар да бар.
Людмила Веймер – Сарань қаласындағы «Карамелька» атты бірінші балалар ойын-сауық орталығының иесі. Бизнеспен бір жылдан астам бұрын ғана айналыса бастаған. Өз ісін 3 миллион теңгелік қайтарымсыз грант арқасында ашудың жолы түскен. Кезінде бизнес-тренерлерден алған шабыт өзіне сенімділік беріп, армандап келген ісін кәсіпкерлік жобаға айналдыруға көмектескенін айтуда.
«Іскерлік оқытуға сеніммен қарау қажеттілігін жеке тәжірибемнен білемін. Әр мақсат шағын микро-мақсаттардан тұратынын түсіне бастағанда, тоқтаусыз алға жылжуға қол жеткізуге болады. Мен бүгін бұл оқыту семинарына шын қуанышпен қатысып отырмын», - дейді Людмила Веймер.
Облыс бойынша қазір 35 мыңнан астам әйел жеке кәсіпкер ретінді тіркелген, ал 6 мыңнан астам компанияларды нәзікжандылар басқарып отыр.
«Қоғам мен мемлекеттің барлық салаларында әйелдер белсенділігі артқанын байқап отырмыз. Сонымен қатар, ауылда тұратын әйелдерге табыс тауып, қызметкерлерді жалдауға мүмкіндік беру үшін барынша бизнеске тартуымыз керек. Іскер әйелдер кеңесі сондай маңызды мақсатпен айналысатыны қуантады», - дейді «Атамекен» өңірлік палатасының директоры Ернар Күлпейісов.
Шығыс Қазақстан облысынан келген бизнесвумен Елена Березинская-Абилова семинарда дәріс оқыған тренердің бірі. Ол қарағандылық іскер әйелдерді өз тәжірибесінде болған кейстермен, бизнесте орын алған өзгерістермен таныстырды және бәсекелестік жағдайында шығынға кетіп қалмай, табысқа жетудің нәтижелі жолдарымен бөлісті.
Сонымен қатар, спикер тұрақты тұлғалық дамуды қолға алмайынша бизнесте үлкен жетістіктерге жету мүмкін емес екеніне сенімді.
«Әйел тұлға ретінде дамымаса, тек сарапшы, кәсіпқойретінде ғана өссе, оның бизнесі алға баспас. Әйелдер осыны түсінуі қажет. Қазір қолдау құралдары жетерлік, бірақ тұлға ретінде өсу, әрдайым өз-өзіңді дамыту әркімнің міндеті», -деді Елена Березинская-Абилова.
Теміртау қаласы Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы, «ПРО БИЗНЕС» ОО директоры Марина Шиллер кәсіппен енді айналыса бастағандар, және де бұрыннан жеке ісі бар бизнес ханымдар үшін семинарлардың пайдалы екенін назарға салды.
«Бизнеспен айналысып жүргеніме көп болса да, қателіктер жасайтын кездер болады. Кәсіпкерлік әлемі оңай емес. Алайда жобалар арқасында дамып өсуге болады. Соған қоса қажетті, көмегі тиіетін адамдар табылып жатыр», - депойымен бөлісті іскер ханым.
«Әйел қолына алған кез келген істе нәтижеге жетеді. «Атамекен» ҰКП аясындағы Іскер әйелдер кеңесінде жүзеге асыратын жобалар өте көп. Әрине оларға дем беріп, дамытып оқыту қажет. Аяғына нық тұрған кәсіпкер әйелдеркеңес беріп, тәжірибесімен бөлісуінің пайдасы көп», – депмәлімдеді «Атамекен» ҰКП Қарағанды облысының Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Жазира Жанкина.
Азия даму банкінің Қазақстандағы өкірі Эльмира Дәуітова әйелдер кәсіпкерлігінің негізгі мәселелері жүйелі түрдеқаралса ғана шешілетініне сенімді.
«Кеңестің қолдауы арқасында Қазақстанда әйелдер кәсіпкерлігін дамыту, бизнесте әйелдер рөлін арттыру бағыттарында жұмыс атқармақшымыз. Жалпы алғанда, оның аймақтық экономикаға оң әсері болатыны анық. Біздің семинарларда әйелдер стратегиялық жоспарлауға, маркетингке, бизнесті заң аясында сауатты жүргізуге үйренеді. Болашақта тәжірибелерге қарап нәтижелерді қадағаламақшымыз», - деді Эльмира Дәуітова.
Азия даму банкінің қолдауымен өтіп жатқан тегін семинарлар еліміздің барлық өңірлерінде өтіп жатқанын айта кетейік. «Бастапқы капиталды қайдан алу керек?», «Грант па, әлде несие ме?» және «Өту нарығын қалай табуға болады?» деген сұрақтарға қатысушылар жауап табары сөзсіз. Ал мұндай семинарға қатыстақ қыз-келіншектердің алдында тек жаңа жетістіктер болары анық.