100-ден астам іскер ханым мен қоғам қайреткерлері Women in Business форумына қатысады

2020-03-04 06:23:00

20 ақпан күні Алматы қаласында әйелдер кәсіпкерлігіне аса маңызды шара - Women inBusiness форумы өтеді.

Форумды Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының қолдауымен  Іскер әйелдер кеңесі ұйымдастырады.

Women in Business форумында бизнес-ортаның дамуы, сонымен қатар әйелдер кәсіпкерлігі, экономикалық саясат, салалық мамандандыру,шағын және орта бизнестің және т.б салалардыңдамуына қатысты мәселелер қозғалатын жаңа форматтағы талқы алаңы

Бұл форум нарық қажеттілігі, қазіргі экономика мен қоғам мәселелеріне бейтарап қарай алмай, олардың шешу жолдарын білетін экономика секторындағы іскер әйелдер мен сарапшыларынтасының нәтижесі. Әртүрлі салаларда жұмыс істейтін көшбасшы-әйелдер өз тәжірибелері туралы айтып, ақпараттармен бөлісіп, сұрақтарға жауап береді.

Форум тақырыптары сан алуан, олар: экономикалық сараптау мен болжау, бизнестідамытудағы қаржылық құралдар, қаланың салалық мәселелері және т.б. Панельді талқылаумен қоса, шеберлік сағаттар менсеминарлар өтеді.

Форумға 100-ден астам іскер-әйелдер мен қоғам қайраткерлері қатыспақшы. Форум аясында оған қатысушылар еліміздің үздік көшбасшы-әйелдер мен іскер әйелдермен тікелей пікір алмасуға мүмкіндігі бар. Сонымен қатар әртүрлі сұрақтарға байланысты экспресс консультациялар өтеді.