«Altyn oimaq» жобасының іске асырылуы

2019-12-25 07:34:00

«Altyn oimaq» жобасының іске асырылуы 

 

• «ALTYN OIMAQ» киім үлгісінің дизайнерлері арасындағы ұлттық байқау 2019 жылдың 4 наурызында басталды.

 • Байқаудың промо-кезеңінде Қазақстанның 14 өңірінде кездесу өтіп, саланың 1700 өкілі қатысты. Дизайнерлер, фабрика басшылары  жеңіл өнеркәсібінің мәселелерін ортаға салып талқылады.

 • Байқау кезеңінде 36 өндіріс, ателье мен дизайнерлік студия зерттелді

 • Әлеуметтік желілерде және республикалық БАҚ-та «ALTYN OIMAQ» байқауының кең ауқымды PR-шаралары ұйымдастырылды

 • «ALTYN OIMAQ» байқауының 200 қатысушысымен сұқбат ұйымдастырылды

 • «ALTYN OIMAQ» байқауына қатысуға 284 дизайнер өтінім тапсырды

 • «ATAMEKEN BUSINESS» телеарнасында эфирге ұсынылған «ALTYN OIMAQ» телевизиялық бағдарламасының түсірілімі жүргізілді

 • «ALTYN OIMAQ» байқауын танымал әртістер, тележүргізушілер, блогерлер қолдап, байқау  бренд амбассадоры атанды

 • Назарбаев зияткерлік мектебі және кәсіби ЖОО-ның студенттері байқауға тартылды

 • 29-30 тамызда Нұр-Сұлтан қаласында «ALTYN OIMAQ» Қазақстанның жеңіл өнеркәсіптерінің қатысуымен форум-көрме ұйымдастырылды

 • Форум-көрмеге Қазақстан, Ресей, Беларусь, Тәжікстан, Түркия, БАӘ, Франция, Италия елдерінен өкілдер қатысты. Оның аясында 15 шеберлік сағаты өткізілді

 • Көрмеге 85 кәсіпкер өнімін ұсынып, 4163 тұтынушы шеберлердің қолынан бірегей бұйым сатып алу мүмкіндігін иеленді.

 • 13 желтоқсанда ҚР Президентінің «Алтын сапа»  арнайы сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау салтанатында «ALTYN OIMAQ» байқауының жеңімпаздары марапатталды. Байқаудың алғашқы гран-приі Алматы қаласының дизайнері Алина Даниловаға ұсынылды.

«Атамекен» ҚР ҰКП Іскер әйелдер кеңесі, «Тұрақты даму және әйелдер кәсіпкерлігін қолдау қоры» қоғамдық қоры, заңды тұлғалар бірлестігі (13 қауымдастық) Қазақстанда жеңіл өнеркәсіпті дамыту және қолөнер саласын қолдауда бірлесіп қызмет ету және ынтымақтасу туралы Хартияны қабылдады.