Ақтөбелік іскер ханымдар «Ва-банк» қойылымына қолдау көрсетті

2019-12-24 00:45:00

Ақтөбе облысының Іскер әйелдер кеңесі  «Ва-банк» фильмінің алғашқы көрсетілімін ұйымдастырушылар қатарында танылды. Аталған кино туындының продюсері танымал актриса, ақтөбелік Құралай Анарбекова.
Көрермендерге
Құралай Анарбекова «Жау жүрек мың бала» фильмінде сомдаған Қорлан ролі арқылы танымал. Продюсердің осыған дейінгі «Брат или брак» атты жаңа туындысы қазақстандық кино прокатында  қаралымы жағынан рекордтық көрсеткішке жетіп, кең тараған кассалық туынды ретінде бағаланған болатын.
 «
Ва-Банк» фильмі режиссердің алдыңғы туындыларынан ерекшеленеді. Бұл action жанрындағы фильм, дегенмен жанрда комедиялық сюжеттер де басым, осылайша әзіл арқылы режиссер көрермен назарына қоғамдағы түйіткілді мәселелерді көрсетеді.

 Фильмнің алғашқы көрсетілімінде көрермен продюсер әрі актриса Құралай Анарбековамен қауышты. Басты рольді сомдаушы актрисамен қатар талантты  жастар Нүркен Иманқұлов, Димаш Жұматай, Дәриға Бадыкова, Ерлан Пірімбетов, Нышанбек Жұбанаевпен кездесу ұйымдастырылды.

Ісшараның негізгі меценаты ретінде қатысқан өңірлік Іскер әйелдер кеңесі «Ва-банк» фильмінің актерлік құрамын таныстыруды ұйымдастырған. Өңірлік Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Күлпаршын Айдарханованың айтуынша, мереке қарсаңында және Ақтөбенің 150-жылдық мерейтойына орай отандық мәдениетке қолдау көрсету өте маңызды әрі қажетті шараның бірі.

 

«Іскер ханымдар жыл бойы бірқатар қайырымдылық жобаны қолдады, ал  бұл көрсетілім - мәдени шараға қолдау көрсетуіміздің басы. Иә, бұл кездесу  гүл шоқтары, көрерменнің ықыласына толы, естелік фотосессия, жүректен шыққан лебізге толы шара. Бұл эмоция тек кино саласындағы өнер адамдарына ғана емес, көрерменге де, бизнестегі жанашырларға да қажет дүние. Мұндай жобалар арқылы табысты және ісі мен мақсаты үйлескен тұлғаны қалыптастыруға септігін тигіземіз»,- деп атап өтті өңірлік Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Күлпаршын Айдарханова.

Ақтөбе қаласының 150-жылдық мерейтойы қарсаңында режиссер Әлішер Өтеевке және Құралай Анарбаеваға төс белгі табысталды. Іскер ханымдардың пікірінше, бұл шығармашылық жолындағы майталмандарға қосымша қолдау болып, отандық киноматографияны әрі қарай дамыта түсуіне серпін береді.