Ауыл әйелдеріне қандай көмек керек? Зерттеу

2019-09-30 03:31:00

        «Қолданбалы экономиканы зерттеу орталығы» ауыл әйелдерінің экономикалық мүмкіндіктеріне арналған республикалық кең көлемде жүргізілген зерттеу нәтижесін ұсынды. Бұл елдің шалғай өңіріндегі нәзік жандылар туралы егжей-тегжейлі жазылған шын мәніндегі әлеуметтік портрет.

Атаулы жобаның авторларыауыл әйелдерін" әлеуметтік қолдауды қажет ететін санатқа жатқызып" оған аса мән береді. Мұндай тәсіл дәлелденді ма және бүгінгі күні көтерілген мәселелерді шешу үшін қандай шаралар жүргізілуде? 

Мәжбүрлі пассивтілік

Статистика бойынша 9,4 млн қазақстандық әйелдің 6,5 млн – ы 2,7 млн баланы тәрбиелеп, ауылда тұрады. Ауылда тұратын әйелдер өзіне және  балаларына лайықты өмірді қамтамасыз ете ала ма?   

Сорос-Қазақстан Қорының қаржылық қолдауымен "қолданбалы экономиканы зерттеу орталығы" ЖМ жүргізген ауқымды жұмыс нәтижесінде  ауыл отбасыларының 37% - да басты асыраушысы күйеуі, 20% - да отбасылық табысты ерлі-зайыптылардың екеуі , тек отбасының 20% - ында ғана негізгі өндіруші әйел  екені көрсетілген.  Ол білім алғаннан кейін, баланы дүниеге әкелгенге дейін алғашқы жылдары ғана табыс табады. Ары қарай тағы да көмек күтуге тура келеді. 

"Мектепте, балабақшада,күндізгі стационарда жұмыс істейтін  қызметкерлерде – тұрақты жұмыс бар. Қалған отбасыларда тұрақты жұмыс жоқ, олар қалаға барады және табыстың жартысына жуығы жол шығынына кетеді",-деп 37 жастағы респонденттің дәйексөзі зерттеуде келтірілген.  

Зерттеу авторлары ауыл әйелдерінің экономикалық жағдайының тым ауыр екенін атайды. Олардың 49% ақшасы тамақ пен киімге жетсе, әрбір төртінші отбасының барлық қаржысы тек азық-түлікке кетендігі көрсетілген. Осылайша ауылдардағы әйелдердің 70% - дан астамының қосымша білімалып, өзін дамытып, немесе іскерлікпен айналысуға қаржы жинауына мүмкіндіктері жоқ.

Әйелдердің табысы ер адамдармен салыстырғанда аз және оларға жұмыс табуда  қиын. Жұмыс орындарының болмауы немесе шектеулілік экономикалық белсенді халықтың қатарынан әйелдерді сызып тастайды және атаулы әлеуметтік көмек алуға мәжбүр етеді.

"Ауыл шаруашылығындағы қарапайым жұмыстар негізінен физикалық күшті қажет етеді, яғни ерлерге деген сұранысты арттырады. Ауылды жерде балабақша, аурухана, орталық жылу жүйесі, су құбыры, кәріз, жол осындай инфроқұрылымның болмауы әйелдердің арқасына көп жүк артады және жұмыс жасап қаржы табуына көптеген кедергі келтіреді. Олар балалар мен егде кісілерді қарауға, үй, мал және бау- бақшаны күтуге міндетті, мұның бәрі көп еңбекті және уақытты алады", - делінген зерттеуде.

Және тағы да сандармен нақтылай кетсек.  Экономикалық белсенді ауыл әйелдері 59% құраса, соның ішінде басым бөлігі (27,7%) - бұл бюджеттік саладағы және мемлекеттік қызметтегі жалдамалы қызметкерлер. 17,9% жеке салада жұмыс істейді, 7,2% өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға жатқызады. Әйелдердің шамамен 37% экономикалық белсенді емес.

Несие: қалаймын, бірақ алалмаймын

Ауылдардағы әйелдерді жұмыспен қамту мәселесін кәсіпкерлікпен айналысуға жағдай жасау есебінен шешуге болады. Әйелдердің өздері мұндай ұсынысты әртүрлі бағалайды. Сауалнамаға қатысқандардың жартысынан көбі (55%) өздерін табысты кәсіпкер ретінде көреді, 30% керісінше, бизнесті лайықты болашақ деп санамайды, тағы 15% жауап беруге қиналады. Бір қызығы, тұрақты жұмысы бар әйелдер өз күшіне деген сенімін жиі көрсетті.

Алайда, зерттеу көрсеткендей, әйелдердің кәсіпкерліккепен айналысуына басты өткел бермес тосқауыл, ол тұрақты табыстың болмауы болып табылады.  Өз-өзін жұмыспен қамтушылар мен жұмыссыздар арасында несие алуға сұраныс жоғары болса да,әйелдердің 30% – ғажуығы табысы төмен болғандықтан сауалнама барысында несиеге сене алмайтынын мәлімдеген.

"Менің көршім барды, оқыды. Малшаруашылығы қожалығын ашқысы келді, бірақ нәтижесінде несие де, басқа да тәсілдермен де ала алмады (қаржыландыру алу,- ескерту.авт).",- деп зерттеу авторлары респонденттің дәйексөзін келтіреді.   

Дегенмен, әйелдердің несие алып, өз ісін ашуға дайын емес тағы бір себебі бар – бұл қаржылық сауаттылықтың төмендігі. Сауалнамаға қатысушылардың көбі кәсіпкерлік мәселелері бойынша базалық білімі туралы айтпағанда, банктермен және МҚҰ-мен өзара іс-қимыл бойынша қарапайым түсініктері жоқ екенін мойындады.

Білім – үздік капитал

Ауылдағы болашақ кәсіпкер әйелдердің бизнесті басқарудағы білімін көтеру мәселесіне, алғашқылардың бірі болып "Атамекен" ҰКП жанындағы Іскер әйелдер кеңесі төрайымы Ләззат Рамазанованың өзі тікелей жетекшілік жасады. Кеңес құрылған сәттен бастап оның мүшелері - табысты кәсіпкер әйелдер - ең шалғай елді мекендерде көшпелі сессиялар мен мастер-кластар өткізді. Ең бастысы әйелдерді өз ісімен айналысуға ынталандырды. Мемлекет пен қаржы институттарында бұл үшін қандай құралдар бар екенін түсіндірді.

Өткен жылдан бастап оқыту үдерісі жүйелі негізге қойылды. Іскер әйелдер кеңесі, тұрақты даму және әйелдер кәсіпкерлігін қолдау Қоры, Азия даму банкінің техникалық қолдауымен қаржылық сауаттылықты арттыру бойынша семинар-тренингтерді іске қосты. Онда әйелдерге салық заңнамасының нормаларын, бизнес-жоспарларды әзірлеу қағидаларын, ауыл үшін қандай да бір бизнес-идеялардың табыстылық деңгейін анықтауға, ЕДБ бағдарламалары бойынша қолжетімді несие құралдарын қалай пайдалану керектігі түсіндірілді.

Бүгінгі күні семинарлар 7 өңірде: Түркістан, Жамбыл, Алматы, Маңғыстау, Ақмола, Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында өтті. Оған ауылдан келген 373 әйел қатысты. Қалған 7 өңірде оқыту 2020 жылдың сәуіріне дейін өтеді. Барлық семинарлар аяқталғаннан кейін оқудан өткендерден база құрылады және бизнесті қолдаудың қолданыстағы шаралары бойынша одан әрі сүйемелдеу үшін өңірлік кәсіпкерлер палаталарына және ЕҚДБ-ға жіберіледі.

Жоба нәзік жандылардың іскерлік өмірге қадам жасауындағы дайындық мәселесін толық шешпеседе, оның іскерлікке икемі бар әйелдер үшін кәсіпкерліктің негізін қалауға көмектесетіні даусыз факт. Білім беру бағдарламасы кешенді түрде өткізіліп, үнемі қолдауды қажет ететіндігін жүргізілген зерттеу нәтижесі растайды.

Зерттеуде: "Ауылдарда инфроқұрылымдардың дамуы мен мемлекеттік шаралардың қолжетімді болуы, әйелдердің сандық дағдыға машықтануын және қаржылық біліктіліктерін арттырады. Бұл экономикалық дамуға оң мүмкіндіктер береді, сонымен қатар ауыл әйелдерінің әлеуметтік көңіл-күйлеріне де қолайлы әсер етеді. Ауылдағы іскер әйелдердің кәсібін іс жүзінде дамуына, ақпарат алуына, тәжірбие алмасуына, грантпен қаржылануына аса мән беріп, қолдайтын бағдарлама жүйесін жасау қажет.", - делінген.

 "Атамекен" ҰКП "Бастау"жобасыауыл тұрғындарын оқыту мәселесімен белсенді іс атқарып отыр. Бұл жобада гендерлік бөлінушілік жоқ, дегенімен осы жобаны бітіруші түлектердің көбі шалғай ауылдан келіп, қазіргі   уақытта нағыз кәсіпкерге айналған  әйелдер екені шындық.

Әйел бақыты…

Жоғарыда айтылған деректер мен дәйектер – ауқымды талдаудың бір бөлігі ғана. Онда сондай-ақ демографиялық жағдай, көші-қон, тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы деректер берілген... Тұтастай алғанда, ауылдық әйелдердің әлеументтік-демографиялық бейнесін қалыптастыруға және күнделікті өмірде кездесетін сынақтарды талдауға әрекет болып табылады.

Авторлар өз жұмысынан не күтеді? Бірінші кезекте олар Қазақстанның мемлекеттік органдарын, басқа ірі әлеуметтік топтармен салыстырғанда анағұрлым қолдауды қажет ететін, өзінің адами және экономикалық әлеуетін іске асыру үшін мүмкіндіктері аз ауыл әйелдерінің мәселесіне назар аудару міндетін қояды. Жүргізілген талдау негізінде мемлекеттік емес ұйымдар (бейінді қорлар мен қауымдастықтарды қоса алғанда), сондай-ақ бизнестегілердеөз қорытындыларын жасай алады. 

Дегенмен, жалпы мәселе аясында келесі сандар өте қызықты көрінеді. Батыс өңірінің 18 бен 24 жас аралығындағы жоғары білімді респонденттерінің 83% - ы өз өміріне қанағаттанудың жоғары деңгейін көрсетеді. Ал, Орталық макроөңірдің 35 пен 44 жас аралығындағы, орта білімді тұрғындарында керісінше өмірге деген наразылық жоғары деңгейідегі көрсеткіште.

«Ауыл әйелдерінің көтеріңкі көңіл-күйі материалдық факторларға бйланысты емес екені анықталған. Сұхбат барысында барлық респонденттер ауыр-тұрмыс жағдайын, қаржы тапшылығытуралы айтқанымен, олар таза ауа, күйзелістің аз деңгейі, отбасындағы істердің жақсы жағдайы салдарынан ауылда өмір сүруіне риза екендіктерін білдірген», -деп атап өтті "қолданбалы экономиканы зерттеу орталығы"ЖМ авторлары.

Әйел бақыты ақшада емес екені белгілі болды. Дегенімен ең бастысы айтылған мәселелерді шешу - әлеуметтік және экономикалық міндеттердің бірі екенін есте сақтау керек.

 

 

Похожие материалы:

Кульпаршин Айдарханова: «Никто не принесет на блюдечке особых условий»

Победители Национального конкурса «ALTYN OIMAQ»

Мы продолжаем находить настоящие «бриллианты» - Айгуль Акчалова

«В юрте – генетический код казахского народа». Сауле Салихова о проекте «Аңыз тұлға»