Әйелдер кәсіпкерлігін қолдау: Қазақстан мен Ресейдің іскер әйелдері тәжірибемен бөлісуде

2019-11-18 05:36:00

    Омск қаласында Қазақстан мен Ресейдің Өңіраралық ынтымақтастық форумы аясында «Әйелдер кәсіпкерлігі креативті экономика дамуының драйвері іспеттес» атты тематикалық пленарды сессия өтті.

Сессияға бизнес-бірлестіктердің, сондай-ақ екі елдің мемлекеттік және қаржы институттарының өкілдері қатысты. Олар әйел бизнесін іс жүзінде қорғау құралдарымен және әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру тәжірибелерімен бөлісті.

Қазақстан тарапынан сессия модераторы «Атамекен» ҚР ҰКП жанындағы Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Лаззат Рамазанова болды. Ол өткізіліп отырған кездесудің маңыздылығын атап көрсетті. Бүгін бір жарым миллион қазақстандық кәсіпкердің 648 мыңы – бизнес-ханымдар, олар елдің ІЖӨ-ң шамамен 40%-н құрайды.

«Бүгін Қазақстанда жарты миллионға жуық әйел жеке кәсіпкер болып табылады, 90 мыңы – шағын және орта бизнесті, 43 мыңға жуығы – шаруа қожалықтарын  басқарады. Әйелдердің экономикаға қосып отырған қомақты үлесін және одан әрі нәзік жандыларды бизнеске тартыудың үлкен әлеуетін ескере отырып, Қазақстан мен Ресей өздерінің үздік тәжірибелерімен оны әрі қарай жұмыс барысында қолдану үшін бөлісе алады. Мысалы, ресейлік әріптестеріміз әйелдерге арналған бизнес-жобаларында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік құралдарын белсенді қолдануда, бұл сөзсіз қызығушылық тудырады. Біздің делегация, өз тарапымыздан, Қазақстанда іске асырылған әйелдер бизнесін қолдаудың қаржылық және қаржылық емес құралдарын таныстыруға дайын», - деді Лаззат Рамазанова.

Бизнестегі әйелдер әлемдік трендке айналды
Бүгін әйелдер кәсіпкерлігін дамыту кеңінен тараған әлемдік трендтердің бірі. Көптеген зерттеулер (атап айтқанда, The Boston Consulting Group зерттеуі) әйелдер құрған бизнес-компаниялардың ер адамдар басшылық ететін кәсіпорындарға қарағанда көп табысты екенін көрсетіп отыр. Бұл тенденциядан Қазақстан да қалыспайды: біздің елдің әйелдері де экономиканың әр саласында, мемлекеттік қызмет, ғылым, білім беру, денсаулық сақтау саласында, сондай-ақ кәсіпкерлікте жұмыс істеп, мемлкеттің дамуына ерекше үлес қосып отыр. Статистика деректеріне сүйенсек, сауда саласында әйелдер басым – 313 102 немесе кәсіпкерлердің жалпы санының 48%-ы. Ауыл шаруашылығында 53 461 (8%), өнеркәсіп саласында шамамен 34 мың (5%) әйел еңбек етуде. Әйелдерді экономика айналымына жайлап тарту үшін (жаңа бизнес-жобаларды қоса алғанда) ынталандыратын іс-шаралар қажет екені анық.
Үш жақты қолдау
Қазақстанда нәзік жандылардың бизнес-бастамаларын белсенді, ең бастысы тиімді іске асыру үшін «Тұрақты даму және әйелдер кәсіпкерлігін қолдау қоры» құрылды. Бірлестікті «Атамекен» ҚР ҰКП қолдауымен Іскер әйелдер кеңесінің мүшелері ұйымдастырды. Қордың басшысы Динара Аллабергеннің пікірінше, бүгінгі таңда бірлестік әрекет ететін үш стратегиялық бағытты бөліп көрсетуге болады. Біріншіден, ең бастысы - қаржыға қол жеткізу. Өйткені, тіпті ең бірегей идеяның өзі бастапқы капиталсыз және тиісті кепілдік базасынсыз іске асырылмайды.

 

«Алғашқы қадамның бірі «Халық банкі» АҚ-мен меморандумға қол қою болды, оның аясында Қазақстанның барлық өңірлеріндегі кәсіпкер әйелдерге жеңілдікпен микрокредит беру бойынша алғашқы теңдессіз бағдарлама іске қосылды. Осы мақсатқа банк 3 млрд. теңге бөлді. Экономиканың басым секторларында бизнес-жобаларды іске асыру үшін әйелдерге нысаналы қарыздар бөлінді. Бүгінгі таңда шағын несие алуға қатысты түскен 400-ге жуық өтінім қаралды», - дейді Динара Аллаберген. Екінші және маңызды бағыт - өз ісін жаңадан ашқан және жұмыс істеп жатқан бизнесвумендер үшін білім беру бағдарламаларын іске қосу болып табылады. Әйелдер өзін-өзі танытуы үшін кез келген жобаны бастаған кезде қателіктің алдын алуға көмектесетін арнайы білім жетіспейді. «Мұндай жұмыстың жарқын мысалдарының бірі «Атамекен» ҰКП мен Азия даму банкімен бірлесіп жүзеге асырылатын ауыл әйелдерін қаржылық сауаттылыққа оқыту бойынша ауқымды, республикалық жоба болды. Жобаның арқасында ең шалғай елді мекендердегі қатысушылардың өздері қаржылық және қаржылық емес қолдау шаралары, қолжетімді несие құралдары туралы ақпаратқа қол жеткізді. Өңірлік Іскер әйелдер кеңесінің мүшелері өз кезегінде моноқалалар мен ауылдарға барып тұрақты негізде тренингтер мен мастер-класстар өткізіп тұрады. Мұндай жұмыс оң нәтиже беріп, жаңа бизнес-жобалардың пайда болуына ықпал етті», - деді спикер.

 

Қордың үшінші, неғұрлым ұзақ мерзімді және стратегиялық бағыты - кооперативтік кәсіпкерлікті дамыту болып табылады. Бүгінгі күні Кеңес аясында гильдиялар мен цехтардың көп ғасырлық тәжірибесін қазіргі заманға сай құрылымдайтын әйелдердің кәсіби қоғамдастықтары құрылуда. Осы шаралардың нақты және елеулі өнімі - бизнеске өзін-өзі жұмыспен қамтыған әйелдерді барынша көп тартуға мүмкіндік беретін әйелдердің өндірістік және тұтыну кооперативтері болмақ. Панельдік сессия аясында қатысушыларға «ALTYN OIMAQ»өршіл республикалық жобасы таныстырылды. Бұл Қазақстандағы киім дизайнерлері арасындағы бірінші байқау, оны жаңа отандық атаулар мен брендтерді ашуға және қолдауға арналған бірегей ынталандыру құралы деп атауға болады, ұлттық мәдени дәстүрлерді сақтау және көбейту мақсатында жұмыс істеп тұрған өндірістік кәсіпорындарды дизайнерлермен біріктіруге болады, олардың негізгі бөлігі – әйелдер. Динара Аллабергеннің айтуынша, байқау қатысушылар арасында үлкен қызығушылық тудырып, көптеген жаңа есімдерді таныстыруға мүмкіндік берді. Бұл байқауға барлығы 1,5 мың адам қатысты, әрбір үміткер сән әлемінде өзін таныта алады және кәсіби биіктіктерді бағындыруға әлеуетті. Айтылған шараларды жүзеге асырып жатқантұрақты даму және әйелдер кәсіпкерлігін қолдау қорында әйелдердің белсенді өмірлік ұстанымы ғана елді озық позицияларға шығаруға мүмкіндік береді деген сенім бар. Сонымен қатар, тек бизнесте ғана емес, ғылымда, технологияда, мемлекеттік қызметте-мемлекет дамуының барлық салаларында әйелдер айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізе алады. Ресейлік әріптестермен осындай кездесулер өткізу тәжірибені шоғырландыруға және әйелдердің бизнес-бастамаларын дамытуды тежейтін жалпы мәселелерді шешу траекториясын белгілеуге тамаша мүмкіндік болмақ.

Ресей тарапы өз кезегінде әлеуметтік кәсіпкерлік, әлеуметтік бизнесті іске асыру нысандарымен және бюджеттен тыс қаражатты тарту туралы заңды қабылдау тәжірибесімен бөлісті. Әлеуметтік саладағы мемлекеттік-жеке меншік әріптестік құралдары таныстырылды. Сондай-ақ сессия аясында Қазақстан мен Ресей тарабы арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. «Сөз соңында, әйелдер кәсіпкерлігінің жарқын өкілдерінің бірі Си Джей Уокердің айтқандарынан үзінді келтіре кетсек: «Қол қусырып, мүмкіндікті күтіп отыра беруге болмайды. Тұрыңыз да әрекет етіңіз!»,- деп, түйіндеді Динара Аллаберген. – Бүгінде әрбір әйел үшін көптеген мүмкіндіктер бар екеніне сенімдімін. Тек әрекет ету керек!». Сюжетке сілтеме:  https://fundwomen.kz/ru/video-gallery#group-1