Қазақстанда Әйелдер кәсіпкерлігінің халықаралық конгресі өтеді

2022-09-12 23:38:00

 

 

22 қыркүйекте Нұрұлтан қаласында «Әйелдер кәсіпкерлігінің халықаралық конгресі» өтеді.

Бұл, ісін енді бастаған және әрекеттегі бизнес ханымдар үшін іскерлік ортаны қалыптастырудағы жаңа тәсілдер мен трендтерді талқылауға арналған кең ауқымдағы сұхбат алаңы.

Конгресте Қазақстандағы әйелдер бизнесін қолдау және тұрақты дамыту мәселелері талқыланады. Қатысушылар табысты жобаларды жүзеге асыру тәжірибесімен бөліседі, бизнестің қоғам алдындағы әлеуметтік жауапкершілігінің рөлін белгілейді. Қазақстанның ауылдарындағы әйелдер кооперациясының үздік кейстерінің тұсаукесері өтеді.

Конгреске еліміздің ең табысты бизнес-ханымдары, халықаралық сарапшылар, мемлекеттік органдардың, даму институттарының, екінші деңгейдегі банктердің өкілдері, Қазақстан Республикасы мен шет елдердің дипломатиялық миссияларының басшылары мен әйелдер бизнес-қоғамдастықтарының көшбасшылары қатысады.

Конгресс аясында Қазақстанда алғаш рет гендерлік бағыт алған кәсіпорын сертификаты табыс етіледі.

Конгресс бағдарламасымен танысу, оны тікелей эфирде көру үшін сілтеме бойынша өтіңіз.  

Конгресті ұйымдастырушы – «Атамекен» ҰКП Іскер әйелдер кеңесі, Әйелдер кәсіпкерлігін тұрақты дамыту және қолдау қоры.