2020-06-04 02:26:00
Қазіргі таңда коронавирус бүкіл әлемнің қолын байлады. Карантин мен қауіпті вируспен күрес жағдайында біз хаос, қорқыныш пен бітпейтін стресспен бетпе-бет түстік.
Дәл қазір адамдарға қоғам қолдауы, өзара көмек пен әлеуметтік жауапкершілігі қажет. Елде карантин енгізілгелі оқшаулану режимін ұстануға мәжбүр болдық.Соның нәтижесі ретінде қазір елдеотбасы ішінде тұрмыстық зорлық-зомбылықтың көбейгенін кризистік орталықтар хабарлауда.
Нұр-Сұлтан қаласының «Атамекен» ҰКП-ның Іскер әйелдер кеңесінің мүшелері өңірлік кеңес төрайымы Бағила Бисембаеваның бастауымен қоғамның осындай маңызды мәселесіне назардан тыс қалдырмауда. Республикалық Іскер әйелдер кеңесі #Мейірімділік эстафетасы атты акциясын бастаған болатын.
«Шанс» әлеуметтік-психологиялық көмек орталығы 15 жыл бойы қиын өмірлік жағдайға тап болған жасөспірімдер мен әйелдер мәселесімен айналысуда. Орталықтың бастапқы мақсаты тек балаларға көмектесу болса, қазіргі уақыттаорталық тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен әйелдерге де көмек көрсетеді. Көмекке мұқтаж адамдарға қолдау көрсетіп, «Шанс» орталығы ұйымдастырған тұрғылықты жер де тауып береді. Қазір орталықты 16 әйел, 37 бала бар.Орталық басшылығымен байланысқаннан кейін іскер ханымдар қажет құрал-жабдықтарды ұсынған.
Іскер ханымдар орталыққа нан, торттар мен басқа да нан-тоқаш өнімдерін жасауға қажетті арнайы наубайлық шкаф, төсек орын, азық-түлік сақтайтын тоңазытқыш,ыдыс-аяқ, сондай-ақ жеке қорғаныс құралдары мен антисептиктер, жиһаз, және де балаларға ойыншықтар мен киімдір сатып алып берген. Көрсетілген көмектің арқасында орталықжұмысын жалғастырып, одан сайын нәтижелілігін арттыра түспек.
Іскер әйелдер кеңесінің осындай қайырымдылық қадамы елдегі әлеуметтік жағдайды жеңілдетуге қосып отырған үлесінің бірі. Бұл қолдаудың «Шанс» орталығындағы адамдардың болашаққа деген сенімін жоғалтпауына, дағдарыстан сәтті өтіп, әрі қарай дамуға деген ұмтылысын арттыруға септігін тигізері сөзсіз.