Іскер ханымдар карантин кезінде онлайн-жобалар ашуда

2020-05-18 07:49:00

Іскер ханымдар әлеуметтік желіде де белсенді, ал карантин кезінде бос отырмай сәтті жобаларды онлайнға көшіруде. Оны пайда табу үшін жүргізіп жатқан жоқ. Бизнестегі ханымдардың жаңа байланыс форматына көшуінің мақсаты не?

Іскер ханымдар әлеуметтік желіде де белсенді, ал карантин кезінде бос отырмай сәтті жобаларды онлайнға көшіруде. Оны пайда табу үшін жүргізіп жатқан жоқ. Бизнестегі ханымдардың жаңа байланыс форматына көшуінің мақсаты не?

Балаларға арналған киім ұсынатын танымал Mimioriki брендінің негізін қалаушы  Ирина Апенко үшін онлайн форматта жұмыс істеу қалыпты құбылыс. Ол қоғамдық істерде де танымал – Алматы қаласындағы Іскер әйелдер кеңесінің мүшесі болып табылады. Ал әлеуметтік желіге тіркелуіне осыдан үш жыл бұрын кіші қызының дүниеге келгені түрткі болған.   Бала күтімін жасап үйде демалыста отырған кезін «әлеуметтік желінің белсенді  қолданушысы атанып, алғаш «оқшауланған» кезім» деп әзілге салады. Десе де бизнестегі істерді қалт жіберуге болмасын ескеріп, байланыстың жаңа инструменттерін үйренуге бел буған.

«Менің командам Алматыда болды, ал өзім отбасыммен уақытша Мәскеуде болуыма тура келді. Сол кездің өзінде күнделікті жиналыс болсын, ой-пікірді ортаға салуы болсын онлайн эфирде өткізе бастадық. Кәсіпкер ретінде барлық жағдайдан хабардар болу маңызды болды»,-  дейді Ирина Апенко.   

Сол кезден бастап әлеуметтік желідегі жеке аккаунтарды жүргізу – бизнес пен жеке өмірдің ажырамас бөлігіне айналған. Жақында Ирина Instagram желісіндегі парақшасында «Бизнес со смыслом» атты жаңа жобаны іске қосты. Бұл тікелей эфирде Иринаның өзіне тәлім берген оқытушылары мен бизнес-тренерлердің қатысуымен  өтетін  сұқбат.

«Қазір барлығымыз  қалыпты жағдай өзгеріп, не істеу керектігін түсінбей отырғанда нақыт бір мамандардан сауалымызға жауап іздейміз. Басында тәлімгер-ұстаздарыма телефон арқылы, скайп арқылы хабарластым. Жеке кәсібім, өзім үшін. Содан кейін алған біліммен бөлісіп, оны онлайн өткізу туралы шешім қабылдадым», - дейді іскер ханым.  

Иринаның жобасын тыңдаушылардан келіп жатқан оң пікір көп. Ал бұл жобаның сәттілігін айқындайтын бірден-бір көрсеткіш. Авторлық жобасын Ирина пайда көзіне айналдырмайтынын айтуда, өйткені осылайша  көпке пайдасын тигізбекші.  

Ақтөбе облысы Іскер әйелдер кеңесінің мүшесі Айман Сексеновада онлайн-эфирді қолға алған.  Айман «Эко Мәдениет» компаниясының басшысы және «ECO Network» ЖШС өңірлік өкілі. Онлайн эфирде экология тақырыбында түрлі ақпараттарды ортаға салады.

«Аудиторияғы Zero Waste принципін жеткізгім келеді. «Тұтыну» пәлсапасынан экологияға саналы көзқарасқа көшу, оның  маңыздылығы жайында айтуға тырысамын. Көп жағдайда экология мен табиғатты аялап ұстау жауапкершілігін мемлекетке артып жатамыз, алайда өңірдегі әр азаматтың айналасын жақсартып, өмір сапасын арттыруға үлес қоса алатынын ұмытып жатамыз. Мысалы, тұтынуды азайтып, экологияға қалдырар кері әсерді барынша қысқарту», - дейді Айман Сексенова.

  

Бұл онлайн түріндегі белсенділік қандай да бір қаржылай табыс әкелмейді. Маңыздысы, онлайн эфирде қатысушылардың белсенділігі.  Ал бұл жобаға оң бағасын беріп жатқан тыңдармандар пікірі баршылық.

«Онлайн-семинарды тыңдаушылардың көзқарасы өзгеріп жатады. Бұл жақын туыстарым мен достарым ғана емес, алыс-жақын араласатын таныстарым, Іскер әйелдер кеңесінің мүшелері, жеке парақшама жазылған қолдаушылар. Экология мәдениеті жайлы қазір ақпарат өте көп, алайда оны өмірде қолданып жатқандар тым аз. Оның жолы өте қарапайым екенін түсіндіргенде ғана қызығушылық артып, қалдықтарды қалай сұрыптау керектігін, пластикті қайда,  қағазды қайда өткізу керектігін сұрап жатады. Бастысы жігерлендіру мен үлгі болу», - дейді Айман Сексенова.

Карантин алынып, эпидемия басылған соң  Айман бұл семинарларды офлайн форматта, үлкен аудиторияның алдында өткізуге дайын екенін айтуда.

Онлайн түрде оқыту форматына былтырғы «ALTYN OIMAQ» республикалық байқауына қатысқан отандық дизайнерлерде  белсенді түрде көшкен. Карантин кезінде Instagram әлеуметтік желісінде @altynoimaq аккаунтында  Beinopen идеологы  Алексей Баженов,  Haneefah брендінің негізін қалаушы Ханифа Мағжан,  Saliha брендінің негізін қалаушылар Радина және Хадиша Батпеновалар және т.б. қатысуымен тікелей эфирде 10 семинар өткен. Семинардың онлайн форматын қолдаушылар көп. Ал оны ұйымдастырушылар семинардан тыңдацшылардың алғар тәжірибесі мол екенін айтуда.