Жеңіл өнеркісібінің медицинаға қосып жатқан үлесі

2020-04-30 05:27:00

Тігін кәсіпорындары мен медициналық өнімдерді шығарушылар тәулігіне 1 млн маска шығаруда.

Как швеи помогают медицине

ҚР ИДМ деректері бойынша олардың көбі, шамамен 680 мың данасы осыған дейін  киім өндірушә кәсіпорындардың үлесінде. 

Мейірімділік акциясы 

Тігін өнеркәсібінің өкілдері оның ішінде шағын кәсіпорындар, тіпті кіші бизнес өкілдері қазіргі қиындықтарға қарамастан Тұрақты даму және әйелдер кәсіпкерлігін қолдау қоры мен  «Атамекен» ҚР ҰКП ұйымдастырған #МейрімділікЭстафетасы атты республикалық акцияға белсенді атсалысуда.

Коронавируспен күрестен өңір аудандардағы әйелдер де шетте қалмады. «Бұны челлендж десек те болады. Бұл акцияны тек қала ғана емес, сонымен қатар облысымыздың аудандары да қолдап отыр. Пандемия жариялағанда ауыл әйелдері өз біліктілігін осыған қарай бұрды.  Сән киімдері ұлттық киімін тіккендер карантин кезінде маска мен арнайы киімдер тіге бастады», - дейді Жамбыл облысы Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Айгүл Ақшалова.

Жедел жәрдем орталықтарына, блок бекеттер, қарттар үйіне және басқа да әлеуметтік мекемелерге жеке сақтық заттары тегін берілуде.

«Масканың басым бөлігін табыс  табу үшін тіккен жоқпыз. Біз осыған дейін Шымкенттегі аса маңызды мекемелерді маскамен қамтамасыз еттік.  Кіші компаниялар да өз жұмыскерлеріне бізден сатып алып отырды. Шымкентте наурыз айының аяғында карантинге жабылған Жанатал ауданының тұрғындарына 3000-ға жуық масканы тегін бердік», - дейді Шымкент қаласындағы «ПК «АГФ групп» ЖШС директоры Гаухар Насырова.

Ақтөбелік «ПО Глобал-Спецодежда» компаниясы аз уақыт ішінде өндірісті пандемияға қарсы тұру мақсатында маска мен арнайы киім тігуге өзгерткен.  

«Біз облыс әкімшілігіне жалпы құны 1,5 млн теңгеге тең барлық қажетті қорғану құралдарын табыстадық», – дейді кәсіпорын басшысы Надежда Шабаева.

Кәсіпорын өз ақшасына қала ауруханаларын, зейнеткерлерді, көмекке мұқтаж азаматтарды, блок бекеттердегі қызметкерлерді жалпы құны 1,4 млн теңге құрайтын қорғаныс құралдарымен (маскалар, арнайы киім, медициналық бас киім, кір сабын және т.б.) қамтамасыз еткен. Сонымен қатар бұл акция аясында ауруханаларға көрпелер, жастықтар, жамылғылар, медициналық киімдер, маска мен сабын жеткізілген. Кәсіпорын осы аралықта жалпы құны 4 млн теңгеге көмек көрсеткен.

Пандемия кезінде бизнестің аяқ алысы қалай?

Бұл сұрақты осы қиын жағдайға қарамастан мұқтаждарға өз көмегін беріп жатқан жеке кәсіпкерлерге қойдық. Шекараның жабылуы мен девальвация ел ішіндегі өнеркәсіпті дамытуғы басымдық беру қажет екенін көрсетті. Кәсіпкерлер қол қусырып отырмайтыны анық.

Айгүл Ақшалованың айтуынша, микробизнестің қолында артық ақша жоқ. Бар табысы қазір жұмыскерлерді тасымалдау, еңбекақы мен қайырымдылыққа кетіп жатыр.

Қазіргі таңда тігін бизнесінің өкілдері ескі мемлекеттік тапсырыстар бойынша жұмысын атқаруда, және де импортты шикізатты жеткізу мәселелері туындауда.

Осы салада жұмыс атқаратындардың басым бөлігі нәзік жандылар, десе де  олар бұл сынға да тұра арлықтай. Оның айтуынша, қандай мәселе болмасын, шешімін табуға болады.

Бизнес қайта бейіндеуден өтіп, жұмысты автоматтандырмақшы. Солай өнімнің қосымша  құнының үлесін артырмақшы.

«Әйелдер өз жұмыстарына қосымша функцияларыды қоспақшы. Егер өз шикізатын немесе құрылғыларын іске қосуда қиындық туындаса, біз оларды келісімшарт негізінде бөліп төлеуге алуға дайынбыз», –деді ол.

«Меніңше, жұмысын ұлғайту мақсатында ойластырған жоспарларды іске қоссақ, пандемиядан кейін аяққа нық тұра аламыз», – деді ол. 

Ақтөбелік компанияның басшысы Надежда Шабаеваның айтуынша, көмек сұрап келетін әйелдер көп.

«Біз 40-қа жуық тігін машинасын алдық. Олардан қаншалықты қабілеттері барын сұрастырып, қаржылай көмекке мұқтаждарға тігін машиналарын беріп жатырмыз. Әйелдерге орамал тігу, оңай бөлшектерді және маска мен медициналық киімдердің бөлшектерін тігуді тапсырамыз. Дайын бөлшектерді санитарлық нормалар ескерілген құрылғылары бар арнайы бригада алып кетеді»,- дейді Надежда Шабаева.

Компания ақтөбелік 25 әйелге үйден жұмыс істеуге мүмкіндік берген. Жақын арада тағы 40-қа жуық әйелдің жұмыспен қамтамасыз ету мақсаты бар.

«Осындай қиын заманда қол қусырмай бар күшімен ақша табуға тырысып жүргендерге ризамын. Отбасылары қиын жағдайда қалып қойғандарға бұл таптырмас мүмкіндік. Мақсатымыз – балықты емес, қармақты ұсыну. Сонда ғана әр бірінде өз қабілетін көрсетуге ниет болады. Әйелдің арқалайтын жүгі көп. Күш салып істейтін себеп те баршылық. Сондықтан да компаниямыз өндірісті ұлғайтпақшы. Дәл қазір 500 адамды жұмыспен қамтамасыз ететін, қорғаныс киімдерін тігетін фабриканың құрылысы жүріп жатыр», – дейді ЖШС басшысы. Жаңа өндірістің ашылуы осы жылдың маусым айына жоспарланған.

Әрине, әр нәрсенің өз  қиындығы болары анық. Мысалы оның айтуынша, «Қарапайым заттар экономикасы» аясында жеңілдікпен несие алу кезінде кепілдік мүлікпен қиындықтар бар.

«Біз шешім оңынан боларына үміттіміз. Жобаны аяқтау үшін демеушілер іздеп, оларды жоба тартып жатырмыз. Қиын кезде  жарқын адамдар көзге бірден түсетіні анық. Мықты әрі жарқын адамдар қоғамда да, бизнесте де көбейе беретініне, ал мемлекет болса, сондай адамдарды бағалап, жаңа жұмыс орындарын ашуға қолдау көрсететініне сенгім келеді», – дейді Надежда Шабаева.

«ПК «АГФ групп» ЖШС директоры Гаухар Насырованың айтуынша, пандемияның  салдарынан бұл салада жұмыс көлемі азайған. Карантин адамдардың, тауарлар мен қызметтердің қозғалысына тосқауыл болып тұр.

120 тігіншінің 90-ы қаладан тыс аймақта тұрады. Карантин болғандықтан олар үйден шықпай отыруға мәжбүр.

«Біз Шымкентте тұратын тігіншілер қажет және барлығын жұмысқа шақырамыз. Жұмыс қауіпсіздігін, қызметкерлерді тасымалдау, ас және сақтандыру беруге кепілдік береміз. Нұр-Сұлтан мен Алматыда біздің ARUA атты төсек өнімдерін күтіп жатқан тұрақты тұтынушыларымыз бар. Егер карантин осы күйде тағы бірнеше ай сақталса, онда Қазақстанның онсыз да  әлсіз деңгейдегі жеңіл өнеркәсібіне (ЖІӨ-нің 0,1%-ынан да аспайды) тигізер салдардан  кей компаниялар шыға алмай қалуы мүмкін», – дейді Гаухар Насырова.

Ол бұл мәселенің шешімін қазірден бастап іздеу қажет екенін айтуда. Қазақстанның жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының бірлестігі ҚР Президентіне саладағы жағдайды қалыпқа келтіру жолына қатысты хат жолдаған. Оған оң жауап берілетініне үмітті.  

Дереккөз: inbusiness.kz