Ақтөбелік іскер ханымдар #МейірімділікЭстафетасын жалғастыруда

2020-04-17 22:17:00

Ақтөбелік іскер ханымдар медицина қызметкерлері мен пациенттерге қазіргі уақытта ең қажетті болып отырған маска, медициналық қолғап пен дезинфекция жасау құралдарын табыстады.

Естеріңізге салсақ, «Атамекен» ҚР ҰКП Іскер әйелдер кеңесі және Тұрақты даму және әйелдер кәсіпкерлігін қолдау қоры #МейірімділікЭстафетасын ел ауқымында  іске қосқан болатын.  

 

Еліміздің карантин енгізілген аймақтардағы зейнет жасындағы азаматтар мен көмекке мұқтаж жандарға қолдау көрсету, сондай-ақ аурухана қызметкерлері мен науқастарды медициналық  маскамен барынша  қамтамасыз ету - қайырымдылық істің басты мақсаты.

27 наурызда игі істі Ақтөбе облысының Іскер әйелдер кеңесі жалғастырды. Осылайша, Кеңес мүшелері 700 маска, 150 медициналық қолғап, жеке қорғаныс құралдары мен қалдықтарды өңдеуге арналған 250 арнайы қаптаманы жергілікті медицина қызметкерлері мен көмекке мұқтаж жандарға табыстады.

Одан бөлек Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы арқылы қаланың мұқтаж тұрғындарына 30 азық-түлік топтамасын ұсынды.

«Қазіргі уақытта қоғам  психологиялық тұрғыдан болсын, материалдық жағынан болсын  бір-бірін қолдап, тұтастығын танытқаны өте маңызды. Әлемде болып жатқан жағдайлар әр азаматтың  бірінші кезекте өзіне деген жауапкершілігін, одан кейін  айтылып жатқан ережені бұлжытпай орындауын талап етуде. Ақтөбелік іскер ханымдар кеңпейілдік танытып, адамгершілікті көрсету арқылы баршаға үлгі болып отыр», - деді Ақтөбе облысының Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Күлпаршын Айдарханова.

 Есеріңізге салсақ, #МейірімділікЭстафетасын осыған дейін Ақтөбе облысы Іскер әйелдер кеңесінің мүшесі Надежда Шабаева («Глобал-спецодежда» фабрикасы) қолдап, коронавируспен күреске 1,5 млн теңге қаражат бөлген.

Акцияға қатысуға ниет танытсаңыз  8 778 863 7360 байланыс нөмерініе хабарласуыңызға болады.

Еліміз аман деніміз сау болсын!