Іскер ханымдар дәрігерлер мен науқастарға тегін медициналық бетперде таратуда

2020-04-11 07:20:00

Қазақстанда Турақты даму және әйелдер кәсіпкерлігін дамыту қоры «Атамекен» ҚР ҰКП-ның Іскер әйелдер кеңесімен бірлесіп  #МейірімділікЭстафетасы атты қайырымдылық акциясын бастады.

 Акцияның мақсаты – еліміздің карантин енгізілген аймақтардағы аурухана қызметкерлері мен науқастарды медициналық  маскамен барынша  қамтамасыз ету.

 Акцияны бастаушы Ақтөбе облысының ІӘК мүшесі Надежда Шабаева. Ол 24 наурызда «Глобал-Спецодежда» ЖШС жұмыскерлерімен бірге медицина қызметкерлері мен азаматтарға 500 медициналық бас киім, 150 қорғағыш комбинезон, 200 қорғағыш көзілдірік, 100 медициналық халат, 1000 дана сабын мен 20 орамал табыстады. 

Жамбыл облысының Іскер әйелдер кеңесі де бұл эстафетадан шетте қалмады. «Шеберлер мекені» атты жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының қауымдастығы да акцияға қатысты. Іскер әйелдер кеңесі және компания атынан акцияға  Шахиста Мұхаметжанова «DANA-DEL MODA» ЖШС, Алтынай Бекенова – жеке кәсіпкер, Анар Бексұлтанова, Нұршуақ ЖК, Асыл-Ай ЖК қатысты. Қарттар үйі, балалар үйі, жедел жәрдем мен аурухана дәрігерлері мен теміржол жұмыскерлеріне берілген маскалардың жалпы саны – 2000 дана.

 Ақмола облысы Іскер әйелдер кеңесі де акция ұйымдастырып, кейін көмекке мұқтаж қала тұрғындарына бетпердені тегін тарату мақсатында Көкшетау қаласының әкімдігіне 3000 маска тапсырды. Сондай-ақ 25 наурызда Айыртау ауданының тұрғындарына 500 маска жіберді. Қайырымдылық акциясы аясында таратылып жатқан медициналық бетпердені  Ақмола облысының ІӘП мүшесі Дина Нұрмұқанова(«Чайка» балалар сауықтыру шатыржайы, «Қарлығаш» балабақшасының серіктесі) қамтамасыз етті.

Қазіргі таңда эстафетаны Маңғыстау және Қостанай облыстарының Іскер әйелдер кеңесі жалғастыруда. Сонымен қатар Ақтөбе облысының Іскер әйелдер кеңесінің мүшелері көмеккемұқтаж жандарға қосымша қолдау көрсетпекші.

Акцияғақосылуға ниет танытып жатсаңыздар 8 778 863 7360 нөміріне хабарласуға болады.

Деніміз сау болсын!