#МейірімділікЭстафетасы қайырымдылық акциясы

2020-04-06 06:09:00

Достар, біз бүгінгі күні аса жұқтыру қаупі бар зейнеткерлерге және карантин жүргізіліп жатқан ауруханалардың медициналық қызметкерлеріне қамқорлық көрсеткіміз келеді.

⠀Маскаларды тігу және тарату жөніндегі бастама өндірушілер мен жеке мануфактуралардан келді. Біз ұйымдастыру мәселелерін өзімізге алып, бірқатар өтініштерді бір іс-шараға біріктіруді шештік.

⠀Сонымен,

Мақсатымыз: зейнеткерлік жастағы адамдарды және карантин жүргізіліп жатқан ауруханалардың медициналық қызметкерлерін көп рет қолдануға арналған маскалармен қамтамасыз ету.

⠀Қалай қосылуға болады:

1. @altynoimaq парақшасына өтіп, Direct-ке жазу немесе +7 778 863 7360 нөміріне қоңырау шалу;

2. Сіз қай қаладан екендігіңізді және ұсынуға дайын маска санын айту (тіркелген мөлшері жоқ: 5 дана және одан да көп)

⠀Ұйымдастырушылар өз кезегінде сізге «Атамекен» ҚР ҰКП Іскер әйелдер кеңесінің мүшелері қатарынан жауапты тұлғалардың байланыс деректерін ұсынады, олар одан әрі маскаларды жинау және таратуды жүзеге асырады.

Ұйымдастырушылар жұмысты Нұр-Сұлтан, Ақтау, Тараз қалаларынан ынта білдірген алғашқы өндірушілермен бастады.

Сіздерді оқиғалардың дамуы туралы хабардар етіп, жаңалықтармен @altynoimaq парақшасында бөлісетін боламыз!

Өзіңізді күтініңіз!

Акция ұйымдастырушылары:

⠀«Атамекен» ҚР ҰКП Іскер әйелдер кеңесі

⠀«ALTYN OIMAQ» Қазақстанның жеңіл өнеркәсібін дамыту жобасы