Ақтөбеде көпбалалы отбасыларға медициналық маска тегін таратылуда

2020-04-06 02:28:00

Ақтөбеде көпбалалы отбасыларға медициналық маска тегін таратылуда
Ақтөбеде тігін цехы көпбалалы отбасыларды тегін маскамен қамтуға көшті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ақтөбедегі «Ағила» тігін цехы 13 жылдан бері жеңіл өнеркәсіпті дамытып отыр. Қазір мұнда бірыңғай медициналық маска дайындалып жатыр.

«Мен шешім қабылдап, өзге тігін шеберхана иелерін де игі істі жалғастыруға шақырамын. Біз қазір екі ауысымда жұмыс істеп жатырмыз. Масканы жуып, үтіктеп, қайта қолдануға болады. Бірнеше қабатты мақта матадан тігілген. Біздің негізгі міндет – неғұрлым көп адамды қамтып, қауіпсіздікті сақтау», - деді кәсіпкер Ағила Жанғазиева.

Айта кетейік, облыстық дизайнерлер мен тігіншілер қауымдастығы құрамындағы 35 цех осы жұмысты қолға алған болатын. Көбі Ақтөбе қаласы мен ауданданынан ғана емес, өзге аймақтардың тапсырысын орындап жатыр.

«Көпбалалы отбасыларға тегін таратуға дайынбыз. Кез келген отбасы мүшесі Ақтөбе қаласы, 101 атқыштар бригадасы бойындағы ательеге барып, маска ала алады», - деді ол.

Дереккөз: 
www.inform.kz