2020-04-04 12:48:00
Ақтөбеде медициналық бетперде тігуге мүмкіндік беретін жаңа құрылғылар сатып алынды.
Құрылғы қуаттылығы тәулігіне 10 мыңға дейін медициналық маска өндіруге мүмкіндік береді. Оны Ақтөбе облысының жеңіл өнеркәсіп және жеке қорғану құралдары кәсіпорындарының қауымдастығына кіретін «Глобал» компаниясының тігін фабрикасы сатып алды.
«Қазіргі таңда біздің мақсатымыз – облыста барынша медициналық маскамен қамтамасыз ету», - деп компания басшысы Надежда Шабаева хабарлады.
– Медициналық тауарларды өндіру үрдісі ерекше бақылауды және қауіпсіз әрі экологиялық таза материалдарды таңдауды талап етеді. Материалдардың барлық қауіпсіздік талаптарына сай болуы және қажетті түрде сертификациялануы аса маңызды», - екенін де атап өтті.
Компания Қазақстанда өндірілген шикізаттан фабрика жұмыскерлері маска тігуге кірісіп кетті. Жақын арада компания 300 мың дана маска өндірмекші.
«Қажет болған жағдайда өндіріс көлемін екі есе ұлғайта аламыз. Бір масканың бағасы 250 теңге, сонымен қатар басқа облыстардағы компаниялардан тапсырыс бар. Біздің маскалар тек табихи әрі таза шикзаттан (100 пайыз мақтадан) жасалғандықтан еш қиындықсыз әрі терең тыныс алуға мүмкіндік береді», - дейді кәсіпкер.
Тапсырыстың ең аз көлемі 100 дана. Тапсырысты 8-701-312-79-09, 8-701-358-59-73 нөмірлері арқылы беруге болады.
Сонымен қатар компания қайырымдылық ретінде «Мейірім» қарттар үйі және бейімдеу орталығын маскалармен қамтамасыз етуде. Фабрика шикізатын қолданып, маска тіккісі келетін баршаға жабдықталған алаңдарды беруге дайын.
«Біздің мамандар маска өндірісіне қосылғысы келетіндердің барлығын аз уақыт ішінде оқытуға дайын. Еңбек ақысы өндірілген өнім мөлшеріне байланысты төленеді», – деді Надежда Шабаева.