Қазақстандық «Mimioriki» брендімен «The Walt Disney» коллаборациясы

2020-03-20 08:39:00

 Отандық «Mimioriki» балалар киімі бренді «Disney» компаниясымен бірлесіп қол қойылған келісімшарт бойыншаанимациялық фильмдердегі кейіпкерлерді қазақстандық өндірістің балалар киімінің жаңа коллекциясында қолдануға мүмкіндік береді. Оның жеңіл өнеркәсіпті дамытуға ықпалы зор.

«Mimioriki» компаниясы ILS халықаралық еңбек стандарттарына сай болу үшін «The Walt Disney Company» арнайы әзірлегенәлеуметтік аудиттен сәтті өткен.

«Біз үшін бұл өте үлкен жетістік, оған қоса бұл үлкен тәжірибе! Бір жағынан, біз «Disney» сияқты үлкен жаһандық компанияға қатысты болатынымызға қуаныштымыз. Сонықтан балаларды олардың сүйікті кейіпкерлері бар, бірақ біздің аудиторияға түсінікті қазақ және орыс тілдеріндегі жазулары бар киіммен қуанта алатын боламыз.  Екінші жағынан, бұл компаниядағы әр маманға үлкен серпіліс, өйткені «Disney» стандарттарының талаптары өте жоғары» - деп «Mimioriki» бас директоры Инна Апенко хабарлады.

«Mimioriki» бренді Қазақстандағы «Disney» лицензиясының эксклюзив иегері ғана болып қоймай, кейіпкерлерді бейімдеуге қол жеткізді. Мысалы Микки Маус немесе Өрмекші-адам  кейіпкерлері қазақша, орысша жазулармен шыға алады.

 

Киімді пішінге салудан бастап, тауар орамасына дейін өндіріс жүйесі толығымен автоматтандырылған. Соның арқасында нарыққа сапалы киімді шығара аламыз. «Mimioriki» киім өндірісі толығымен Қазақстанда өтетін аз брендтердің қатарында. Бәлкім, «Disney» үшін бірлесіп жұмыс істеуге шешуші фактор осы болған шығар. Брендтің креативті директоры Мая Жұманбекова айтуынша, екі компанияның пәлсапасы ұқсас болып шықты.

«Ұстанымымыз бір. Өйткені «Disney» де, біз де балаларға деген сүйіспеншілік қағидасымен жүреміз. Олардың пәлсапасы бізге түсінікті және біз оны толықтай қолдаймыз. «Mimioriki» де ашық түстер мен позитивті ұнатады. Мүмкін, сол себепті ойымыз бір жерден шығып, керемет өнім шығардық. Әрине, «Disney» кейіпкерлерін қазақстандық ерекшеліктерге келтірдік», - деді Мая Жұманбекова.

Келісімшарт бойынша, қазақстандық бренд киім дизайнында балалардың сүйікті «Disney» кейіпкерлерінің бейнесін қолдана алады. Оларға: «Мұзды өлке», «Арыстан патша» мен «Аңдар шаһары», соған қоса Өрмекші адам, Темір адам, Халк, Капитан Америка сияқты «MARVEL» киноәлемінің суперқаһармандары, және де «Жұлдызды соғыстар» сагасының кейіпкерлері мен «Disney-дің» классикалық кейіпкерлері бар. Соның арқасында «Mimioriki»алдағы  жоспарына киім өндірісін30%-ға арттыру және «Disney» кейіпкерлері бейнеленген 100 мыңнан астам өнім шығару алынды. Алғашқы топтама сатылымға 2020 жылдың 1 сәуірінен бастап шыға бастайды.

2019 жылдың тамызында  Инна Апенко «ALTYN OIMAQ» жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының форумында спикер болды, ал Мая Жұманбекова «ALTYN OIMAQ» дизайнерлер байқауына қатысты. Ұлттық дизайнерлер байқауына қатысқан әйелдер өз әсерімен бөлісті.

 

« Менің ойымша, «ALTYN OIMAQ» сияқты жобаларға қолдау көрсетуге міндеттіміз. Өйткені, жас дизайнерлерге өнерін көрсетіп, қолдау табуға болатын жоба екені сөзсіз.«ALTYN OIMAQ» осы жас дарындыларды табуға, өнерін баршаға көрсетуге бағытталған жоба”, – деді «Mimioriki» бас директоры Инна Апенко.

“Меніңше, “ALTYN OIMAQ" байқауы жас дизайнерлердың дамуына керемет бастама. Кәсібін енді бастап келе жатқан дизайнерлер, жай киім тігуді жаны сүйетін, әдемі әрі  қызықты туындыларды жасауға құмар адамдар үшін таптырмас алаң. Сондықтан барлық қатысушыларға сәттілік тілеймін” – деп «Mimioriki» креативті директоры Мая Жұманбекова өз ойымен бөлісті.