Лаззат Рамазанова «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары болып тағайындалды

2019-02-25 02:18:00

 

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Төралқасының шешімімен Лаззат Рамазанова ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары болып тағайындалды

Лаззат Рамазанова Алматы қаласындағы Қазақ мемлекеттік әлем тілдері университетін, (1990-1995), Астана қаласындағы Қазақ мемлекеттік заң академиясын бітірген (1998-2001).

1995-1998 жж. – Қазақстан Республикасының Майндағы Франкфурт қ. Бас консулдығы.

1998-1999 жж. – ҚР СІМ баспасөз-атташесі, Әкімшілік және бақылау департаментінің атташесі.

1999-2002 жж. – ҚР Қаржы министрінің хатшылығы.

2002 ж. – ҚР ЭБЖМ Халықаралық қаржы қатынастары департаментінің бөлім бастығы.

2003-2005 жж. – «Dala group» ЖАҚ Бас директорының кеңесшісі, кейіннен Бас директоры.

2006-2007 жж. – ҚР Қаржы министрлігі аппаратының басшысы.

2007-2008 жж. – ҚР Қаржы министрлігі Борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары.

2008-2009 жж. – ҚР ҚМ Қаржылық бақылау комитеті, Алматы облысы бойынша Қаржы бақылау инспекциясы бастығының орынбасары.

2011-2013 жж. – ҚР ҚМ Қорғаныс, құқық қорғау жүйесі және мемлекеттік органдар саласындағы бюджеттік бағдарламалардың орындалуын талдау, іске асырылуын бағалау және жоспарлау департаментінің директоры.

2013 жылдан  – «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы хатшылығының басшысы.

2015 жылдан – «Атамекен» ҚР ҰКП Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы.

2017 жылдан – Ұлттық олимпиада комитеті президентінің кеңесшісі

ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі.